Дінмұхамед Қонаев мұражай-үйі Ресейдегі мәдени бренд туралы халықаралық конференциядан олжалы оралды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Д.Қонаев мұражай-үйі Омбы қаласында өткен "Мәдени брендтер арқылы территорияны жылжыту: жаңа коммуникациялық технологияларды қолдану" деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциядан олжалы қайтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Наурыздың 26-сы күні өткен бұл шараны Омбы облысының үкіметі, Омбы қаласы мәдениет департаменті және Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті бірігіп ұйымдастырды. Оған ТМД елдеріндегі бұрынғы кеңестік республикалардың басшыларына орнатылған бірден-бір мұражай саналатын Д. Қонаев мұражай-үйіның қызметкерлері "Аймақтардағы бренд-адамдар: оқиға, тұлға, ескерткіш" (филология, өнертану, тарих, археология)" және "Территориялардағы мәдени брендингтегі мұражайлар мен театрлардың рөлі" секцияларында спикер болуға шақырылған болатын. Онда мұражай директоры Болысбек Батталханов пен Бас қор сақтаушы Гүлмира Бекмұратова 3 жобаны мамандар назарына ұсынды.

Болысбек Заманбекұлының айтуынша, конференция соңында ұйымдастырушылар мұражай ісіндегі кәсібилігі үшін Д. Қонаев мұражай-үйін алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту еткен. Бұған дейін олар өткен жылы Ресей Федерациясы үкіметінің қолдауымен Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған жаңа инновациялық бағдарламалар туралы халықаралық байқауға қатысқан еді. Онда мұражайдың "Қолмен ұстап көр", "Келушілерді қалай көбейту керек", "Мұражайдың жәдігерлерін жаңа түрде сақтау" деген жобаларын ұсынып, олардың үшеуі де байқаудың финалына өткен. Оның қорытындысы осы айдың аяғына таман белгілі болмақ.

Соңғы жаңалықтар