21:52, 16 Қазан 2015 | GMT +5
Динозаврлар дәуірінде тіршілік еткен жүндес жануар табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испания аңшылары 125 миллион жыл бұрын тіршілік еткен сүтқоректінің тасқа айналған мүсінін тапты. Жануардың сүйегі жақсы сақталғаны соншалық, оның терісін және ішкі органдарын анық көруге болады.

Ол орталық Испаниядағы Куэнка қаласының маңындағы Лас-Хояс тас қашалған орнының аумағында табылған.
Ғалымдар бұл көне жануарды Spinolestes xenarthrosus деп атаған. Оның ұзындығы 24 сантиметр, ал салмағы 70 грамнан аспаған. Жануар сүтқоректілердің жойылған түрі - трикондарға жатады, деп жазады epochtimes.ru.
Spinolestes xenarthrosus - ең ежелгі жұмсақ тіндерінің іздері қалған сүтқоректі жануар.