Дінтану сараптамасына мамандар жетіспейді - ҚР Дін істері агенттігі

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда дінтану сараптамасына кәсіби мамандар жетіспейді.
None
None

Бүгін дінтану сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріне арналған республикалық семинарда ҚР Дін істері агенттігінің діни сараптама және діни оқу орындарымен байланыс жөніндегі басқарма бастығы Айнұр Әбдірасылқызы осы мәселені көтерді.

Оның айтуынша, «Дін туралы» жаңа заң қабылданғаннан кейін дінтану сараптамасына түсетін кітаптар мен оқулықтардың саны 10 есеге артты. «Осының барлығын сараптамадан өткізіп, қамту үшін кәсіби мамандар қажет. Яғни, дінтану сарапшылары жетіспей жатыр. Дегенмен, біз Дін істері агенттігінің департаменттері жанынан сараптама топтарын құрып, мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және дін мәселелері жөніндегі ғылыми-ақпараттық талдау орталығының, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың көмегімен бұл мәселені шешуге тырысудамыз», - дейді А.Әбдірасылқызы.

Соңғы жаңалықтар