Диодты жарық өнiмдердiң сапасын реттейтiн стандарттар 2015 жылы қабылданады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Диодты жарық өнiмдердiң сапасын реттейтiн стандарттар 2015 жылы қабылданады. Бұл туралы БҰҰ Даму бағдарламасы Жаһандық экологиялық қордың Қазақстандағы энерготиімділікті жария етуді ілгерілету жобасының үйлестірушісі Сырым Нұрғалиев мәлiм еттi.
None
None

"Диодты жарық өнiмдердiң сапасы Қазақстанда өте өзектi. Себебi нарықта сапалы өнiммен қатар, арзан, сапасы нашар өнiмдер де сатылуда. Оның негiзгi себебi, реттеушi стандарттардың жоқтығы", - дейдi ол.

Оның айтуынша, осы саланы реттейтiн стандарттар заңды күшiне 2015 жылы енедi.

"Бүгiнгi таңда диодты шамдардың сапасыз бөлiгiне ешкiм тыйым сала алмай келедi. Бiрақ Техникалық қадағалау және метрология комитетiмен бiрге жұмыстар жасалуда. Бiрқатар стандарттар жасалды, олар 2015 жылы күшiне енбек", - деп атап өттi С. Нұрғалиев.

Соңғы жаңалықтар