Дипломатия саласының ардагері Шәкір Намазбаев өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл 11 маусымда 71 жасында дипломат Намазбаев Шәкір Исламұлы өмірден озды.

Дипломатия саласының ардагері Шәкір Намазбаев өмірден озды

«Шәкір Исламұлы еңбек жолының 14 жылға жуық мерзімін ҚР СІМ жүйесінде абыроймен атқарған. 1993 жылы ҚР СІМ-де Басқарма басшысы лауазымынан бастап, ҚР Үндістандағы Елшілігінің кеңесшісі, Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші, ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің Кеңесшісі, ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған», - делінген ҚР ИДМ-нің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланған хабарламада.