Дипломатиялық бизнес клуб Үйлестірушілік кеңесінің алғашқы отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстандағы шет мемлекеттердің елшілерінің, отандық ірі кәсіпкерлердің қатысуымен Дипломатиялық бизнес клубтың Үйлестірушілік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиында Клубтың ережесі, негізгі мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ 2016 жылға арналған дипломаттар мен бизнесмендердің біріккен іс-шаралар жоспары анықталды.
None
None

Дипломатиялық бизнес клубты құру бастамасын ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов көтерген болатын. 2015 жылдың 2 шілдеде, Қазақстанның Дипломатиялық күнін мерекелеу кезінде, бұл бастама дипломатиялық корпус пен қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы өзара іс-қимыл мен қарым-қатынастарды нығайтатын бейресми құрылым мақсатымен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Тимур Кулибаев бастаған бизнес-қауымдастық тарапынан қолдау тапқан еді.

Клубтың Үйлестірушілік кеңесінің отырысында дипломаттар мен бизнесмендер ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтқан жаңа инвестициялық саясат негіздерін, мемлекеттің инвестициялық ахуалды жетілдіруге және жақсартуға бағытталған реформаларды жүзеге асыру ниетін, шетелдік инвесторларды тарту үшін қосымша ынталандыру жұмыстарын жүргізуді позитивтік түрде қабылдағандарын атап өтті.

Сонымен қатар, Дипломатиялық бизнес клубтың ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Young Presidents' Organization (YPO) және де басқа да бизнес ұйымдарымен өзара қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Кеңеске қатысушылар ҚР нарығына инвесторлардың кіруіне қолдау көрсетуге, қазақстандық кәсіпкерлерге шетелдік әріптестерді табуға қолұшын созуға, отандық компаниялардың тауарлары мен қызметтерінің шетелдік нарыққа жол тартуына көмек көрсету қажеттілігіне назар аударды. Сондай-ақ, дипломаттар мен бизнесмендер 2016 жылдың алдын-ала жұмыс жоспарын талқылап, ресми кездесулер, форумдар, дөңгелек үстелдер, және бейресми шаралар, гольфтан, теннис пен басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізуге уағдаласты. Дипломатиялық бизнес клуб Өңірлік кәсіпкерлер кеңестері мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шетелдік елшілердің Қазақстан аймақтарымен жете танысуын ұйымдастыруға қолдау көрсететін болады.

Дипломаттар мен кәсіпкерлер дипломатиялық бизнес клубтың маңыздылығын атап өтіп, келешекте де клубтың жұмысы мүмкіндігінше барлық тараптарға тиімді болуына күш-жігерін жұмсамақ.

Соңғы жаңалықтар