Дипломатиялық корпустың көшіп келуі біздің жаңа елордамызды халықаралық танудың ұжымдық актісі болды - Н.Назарбаев

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Дипломатиялық корпустың көшіп келуі біздің жаңа елордамызды халықаралық танудың ұжымдық актісі болды,
None
None

деп жазды ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін баспасөзде жарық көрген «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» деген тақырыптағы мақаласында.

Елбасы өз мақаласында шетелдік дипломаттарды алғаш рет Алматыдан Астанаға көшуге шақырған кезінде олардың көпшілігінің жүздерінен таңырқаушылық пен абыржушылық аңғарылғанын есіне алып, олар сол кезде бұрынғы астанаға енді ғана бой үйретіп, орналаса бастағандығын атап өтеді.

«Шетел дипломаттары үшін біз тұтастай елшілік қалашығын тұрғыздық және бірқатар елдер соған өздерінің дипломатиялық миссияларын қайта орналастырды. Бетбұрысты кезең біздің жетекші стратегиялық әріптестеріміз - Ресей, АҚШ, Қытай, содан кейін Түркия елшіліктерінің ғимараттар кешені салынып, «илеуден» өткеннен кейін барып туды», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысының жазуынша, бүгінде көптеген шетел елшіліктері Астанада орын теуіп, өз елдерінің Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарын нығайту және кеңейту бойынша жемісті жұмыс жүргізуде.

«Дипломатиялық корпустың көшіп келуі біздің жаңа елордамызды халықаралық танудың ұжымдық актісі болды. Мен шетел дипломаттарына Астанадағы өздерінің қызметтерімен елордаға ерекше реңк беріп, қайталанбас елордалық менталитетті нығайтуға орасан үлес қосып отырғандары үшін ризамын. Осының барлығы Астананың танымалдығы ұлттық шекарадан асып, оны заманауи әлемдегі «астаналар клубына» лайықты қатысушы еткенін білдіреді»,- деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар