Дипломатиялық поштаны жинақтау мен жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі функциялар бекітіледі - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «дипломатиялық пошта» ұғымына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Заң жобасы қазақстандық дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және дипломатиялық қызмет органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.

«Дипломатиялық пошта» ұғымын енгізіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдарының дипломатиялық поштаны жинақтау, ресімдеу және жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі функцияларын бекіту ұсынылады», - деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, шет елдердегі мекемелер жұмысының ерекшелігін ескере отырып, олардың шаруашылық қызметі мен қаржылық тәртібіне байланысты мәселелерді жүйеге келтіруге қатысты өзгерістер қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар