Дипломаттар: Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран мен «алтылық» елдері (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай мен Ресей) Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізді, деп мәлімдеді дипломаттар.
Би-би-си хабарлағандай, келісім бойынша Иран МАГАТЭ инспекторларының өз нысандарына кіруіне рұқсат береді, батыс елдері өз кезегінде біртіндеп Иранға қойылған санкцияларынан бас тартады.
Еуроодақтың сыртқы саяси қызметі хабарлағандай, Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша көп жылдық келісімдерге нүкте қоюы тиіс «алтылық» елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуі сейсенбі күні Лондон уақыты бойынша сағат 9:30-да Венада кездесу өткізеді.
«Алтылық» елдері мен Иран 100 беттік құжат дайындады. Онда Иранның ядролық бағдарламасының қысқаруы мен халықаралық санкциялардың алынуы туралы жазылған.
Иранның ядролық бағдарламасына байланысты Иран мен Батыс елдері арасындағы дағдарыс 13 жылға созылды.