Дипломаттар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның еуразиялық құрлықтағы зор болашағын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың жетекшілері «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА көліктік логистикалық хабының нысандарымен танысты.
None
None

Олар Құрғақ порт, логистикалық және индустриялық аймақ болашағы, Алтынкөл стансасының қызметі, қазақстандық-қытайлық «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығы (ХШСО) даму жобаларымен таныстырылды, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников «Қорғас» АЭА-да былтыр құрылысқа дайындық жұмыстары басталған кезде болған екен. Екінші рет болған кезінде қайран қалғандығын жасырмады. - Бір жыл ішінде ғана көп нәрсе жасалып қалыпты. Мен қазір ірі темір жол желісін көріп қуанып тұрмын. Жобаны жүзеге асырудың маңызы өте зор. Бұл Батыс Қытайдан шығатын тауар ағынын Қытай арқылы Еуропаға Қазақстан және Ресей аумағымен жеткізуді жүзеге асыратын үлкен жоба, - дейді дипломат. М.Бочарниковтың айтуынша, Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері темір жол әкімшіліктерінің Бірлескен көліктік логистикалық компаниясының (БКЛК) маңызы зор. БКЛК компаниясымен осы жоба бойынша жұмыс басталды. «Қорғас» жобасы барлық мақсаттарда кешенді түрде жүзеге асырылуда. Құрғақ портта Қытайдың тар табанды темір жолымен келген контейнерлер Қазақстанның 1520 мм кең табанды жолына алмастырылады. Бұл кең табанды темір жол ЕЭО аясындағы елдердің жалпы жолының мөлшері сәйкес келеді. Елшінің пайымдауынша, мұндай тұсакесер рәсімінің маңызы өте жоғары. Өйткені аса ауқымды жоба бойынша, құрылыстың басында болып тыңдаудың әсері ерекше. Жапонияның Қазақстандағы елшісі Масаёси Камохара АЭА пен оның инфрақұрылымының жобасын жоғары бағалады. - Мен мұнда бірінші рет болып отырмын. Маған мұнда көргендерімнің бәрі өте ұнады. Осында арнайы экономикалық аймақ ашу мен жаңа логистикалық хаб жасау бұл өте жақсы бастама. Жаңа Жібек жолы арқылы Еуропаға бағытталған тауарларды жеткізу мерзімі едәуір қысқарады, - дейді жапон елшісі. Оның айтуынша, Қорғас аймағында жапондық бизнес өкілдері қазірдің өзінде қатысуда. Олардың ішінде жобаға Жапонияның «SENKOCo., Ltd.» көліктік логистикалық компаниясы қатысып жатса, Toyota-Tsusho компаниясы және басқа да көлік компанияларымен келіссөздер жүргізілуде. Жапондық дипломат Қорғастың болашағының зор екендігін айта келіп, Чунчин-Дуйсбург контейнерлік пойызының жолға шығарылуын да жоғары бағалады.

Соңғы жаңалықтар