Discovery телеарнасының ғимаратында адамдарды кепілдікке алған ер азаматтың көзі жойылды

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ-та Discovery телеарнасының ғимаратында адамдарды кепілдікке алған ер азамат алған жарақаттан көз жұмды. Әлгі азамат кепілге алынғандарды босату операциясының барысында жараланған болатын. Оқиға салдарынан басқа ешкім зардап шекпеген, деп хабарлады РБК агенттігі.

Discovery   телеарнасының  ғимаратында   адамдарды кепілдікке алған ер азаматтың көзі  жойылды

Үш адамды кепілдікке алған қылмыскерге оқ атпас бұрын, полиция онымен келіссөз жүргізген, деп хабарлайды CNN. Вашингтонның 43 жастағы тұрғыны Джеймс Ли болып шыққан әлгі қаскөйдің талаптарының анық-қанығы әзірге ашылмай отыр. Дегенмен, оның «радикалды» эколог екені, оның Save the Planet Protest экологиялық ұйымының белсендісі болғаны анықталып отыр.

Сондай-ақ, Джеймс Лидің 2008 жылы осы телеарна ғимаратының алдында рұқсат етілмеген наразылық акциясын өткізгені анықталды. Ол жолы оған кішігірім бұзақылық жасады деген айып қана тағылған.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Джеймс Ли Discovery телеарнасы жүргізіп отырған саясаттың белсенді қарсыласы болған.