«Дискотека Авария» тобының солисті астаналық бойжеткенге сөз салды

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - «Дискотека Авария» тобының мүшесі Алексей Рыжов астаналық қызға сөз салды.

«Дискотека Авария» тобының солисті астаналық бойжеткенге сөз салды

Жас жұбайлар Мәскеудің зергерлік салондарының бірінен неке жүзіктерін таңдап та үлгерді.

«Эскпресс К» газетінің жазуынша, музыканттың қалауы суретші-модельер Ирина болды. Той 18 шілдеге белгіленді. Күйеужігіт қалыңдыққа үйлену сыйлығын әзірлеп те қойды, ол Иринаға арнап «Кеш» әнін жазды. Рыжов оны мәскеулік мейрамханалардың бірінде өтетін үйлену тойының үстінде орындайды деп күтілуде.

Некені тіркеу салтанаты қарапайым өтеді деп күтілуде. Оған тек жақын деген туыстар мен достар шақырылды. Күйеужігіт пен қалыңдық джинсы мен майкада болады. Бірақ тойды ғашықтар атойлатып атап өтпек. «Дискотека Авариядағы» Рыжовтың достары Еуропадағы мықты деген диджейлердің бірін алып келуге уәде етуде.