Disney-дің «Күлбикеш» («Золушка») блокбастерінің қазақша нұсқасы көрерменге жол тартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Disney-дің ғажайыпқа толы жаңа «Күлбикеш» («Золушка») фильмі қазақ тілінде жарыққа шығады. Ертегі «Болашақ» қауымдастығы мен «Меломан» компаниясының қолдауымен қазақ тіліне аударылды. Көрермендер оны Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 6 наурызда кинотеатрлардан тамашалай алады.

Disney-дің «Күлбикеш» («Золушка») блокбастерінің қазақша нұсқасы көрерменге жол тартады

«Фильмді қазақ актёрлері дыбыстады. Күнсұлу Шаяхметова өгей ананың, Шахназа Қызыханова - Золушканың, Тимур Пиазов - ханзаданың, Сәуле Тұрдаханова - феяның, Азамат Қанапия - капитанның дауысын келтірді», - делінген «Болашақ» қауымдастығының ресми сайтында. Disney студиясының фильмінде басты рөлдерді актёрлер Лили Джеймс пен Ричард Мэдден, «Оскар» сыйлығының иегері Кейт Бланшетт пен «Оскар» сыйлығына екі мәрте номинант болған Хелена Бонэм-Картер сомдады. Фильм сценариін Крис Вайц жазды. Дубляж режиссері - Айжан Жәмшитова. Оның басшылық етуімен осыған дейін «Көліктер-2» (Тачки-2), «Батыл жүрек («Храбрая сердцем»), «Монстрлар Университетi» (Университет Монстров), «Жаңа Өрмекші-адам: Кернеген қуат» («Новый Человек-паук: Высокое напряжение»), «Жалғыз рейнджер» (Одинокий рейнджер») және «Малифисента» аударылған. Disney-дің «Золушка» ертегісі бойынша түсірілген блокбастер қазақ тіліне аударылған 10-шы фильм болмақ.