Disney компаниясы балаларға арналған нетбук шығармақ
МӘСКЕУ. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат - ASUS және Disney компаниялары ең кішкентайларға арналған нетбук жасап отыр.
Жаңа құрылғы 6 мен 12 жастың аралығындағы балаларға арналған. Онда балалардың ересектерге арналған сайттарға кіруден қорғаныс пен электрондық пошталарды сүзу қызметтері қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Компьюлента» басылымына сілтеме жасап. Оған қоса, жаңа құрылғыда Disney-стиліндегі бейімделген интерфейс пен компанияның танымал мультфильмдеріне негізделген бірқатар қызықты тақырыптар қатары орналастырылған.