Disney World паркінде қолтырауын екі жасар баланы судың астына алып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатындағы Disney World ойын-сауық паркінде қолтырауын екі жасар баланы судың астына алып кетті. РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, төтенше оқиға сейсенбі күні кешке парк аумағында орналасқан, бес адамнан тұратын отбасы демалып жатқан Grand Floridian Resort & Spa қонақүйінің жанында орын алған.
Округ шерифі қайғылы оқиға кезінде отбасы «Жеті теңіздің лагунасы» атты жасанды көлдің жағасында жүргенін мәлім етті. Кенет судан алып қолтырауын секіріп шығып, екі жасар балаға шап берді. Әкесі баласына көмекке ұмтылғанымен, оны құтқару мүмкін болмады. Рептилия бүлдіршінді судың астына алып кетті.
Қазіргі кезде полиция баланың денесін іздеп жатыр, алайда оны табу мүмкін емес те шығар, себебі қолтырауындар көп жағдайда өз құрбанын толық жұтып жіберді.