Диссертациялық кеңес құрамы 40 пайызға қысқармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде ағымдағы жылы диссертациялық кеңестің құрамы 30-40 пайызға қысқарады.
Бұл туралы Ресейдің жетекші ЖОО қауымдастығының отырысында Жоғары аттестациялық комиссияның төрағасы Владимир Филиппов мәлім етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Филипповтың айтуынша, диссертациялық кеңесті осындай ауқымда қысқарту жөніндегі бастама төменнен, федералдық округтердің жұмыс тобынан түскен.
Еске сала кетер болсақ, жұмыс тобын 2012 жылғы күзде РФ Білім және ғылым министрлігі диссертациялық кеңесті оңтайландыру мақсатында алдымен сегіз федералды округте құрған болатын. Олардың басшылығына ірі университеттердің, көбінесе округттердегі ЖОО-лардың ректорлары тағайындалған еді.