19:20, 02 Сәуір 2016 | GMT +5
Диярбақырдағы жарылысты «Күрдістанның жұмысшы партиясы» өз мойнына алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Диярбақыр қаласында болған лаңкестік әрекетті «Күрдістанның жұмысшы партиясы» өз мойнына алды, деп жазады 24.kz.

Жарылыс болған сәт бақылау камерасына түсіп қалған. Түрік билігі аталған ұйымды экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, күрдтер шоғырланған Диярбақырда 31 наурызда бомба қойылған көлік жарылып, 7 полицей қаза тапты. Тағы 27 адам жараланды. Жарылғыш құрылғы көліктің қасынан тәртіп сақшыларын тиеген автобус өте бергенде, алыстан іске қосылған еді.