Дизайнер Сәбит Bisen-ді өлтірді деген күдіктінің соты Алматыда өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазастандық дизайнер Сәбит Bisen-нің өлімі туралы іс Алматы сотына жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дизайнер Сәбит Bisen-ді өлтірді деген күдіктінің соты Алматыда өтеді

Бұл ақпаратты Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады. Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті.

«Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша айыпталып жатыр», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, қазақстандық дизайнер 2020 жылдың күзінде кісі қолынан қаза тапты.

Айта кетейік, Сәбит Bisen - танымал streetwear-брендінің дизайнері болған. Оның қазасы туралы достары мен әріптестері әлеуметтік желіде хабарлаған еді.