Дизайнер Сәкен Жақсыбаев Астанада өзінің жаңа топтамасын таныстырды (ФОТО, ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Rixos қонақүйінде қазақстандық fashion-продюсер әрі дизайнер Сәкен Жақсыбаев өзінің жаңа топтамасын жұрт назарына ұсынды, деп хабарлайды тілшіміз Арман Оспанов.
None
None

ZhSaken брендінің негізін қалаушы Жақсыбеков 2014 жылғы жазды позитивті, жарқын түстермен қарсы алуды ұсынады. Отандық дизайнерге шабыт берген көгалды саябақ болыпты. Саябақта қыдырған адамның көңілі сергек, жайдары болады, сондықтан ол киімдерінің түсін де, пішінін де сол эмоцияларға сай таңдапты. «Бұл топтама - кутюр да емес, пред-а-порте де емес. ZhSaken брендін кез келген адам сатып ала алады. Біздің киімдеріміз жас әрі стильді қыздарға ұнайды деп ойлаймын. Бүгін біз алғаш рет ерлерге арналған киімдер топтамасын көрсеттік. Бұл киімдерге де сұраныс жоғары. Біз тек сапалы, қымбат маталарды пайдаланамыз. Сондықтан сапалы киімді тани білетін адам оның тиісті бағасын береді деп ойлаймын. Мен бүгін біздің киімдеріміз нарықтағы әлемдік брендтермен бәсекелесе алады деп нық сеніммен айта аламын», - деді С. Жақсыбаев. Дизайнердің сөзіне қарағанда, ZhSaken брендінің киімдерін Алматы мен Астанада сатып алуға болады. Таяуда еліміздің батыс өңірлерінде дүкендер ашу жоспарланған. Іс-шараға сәнді бағалай білетін адамдармен қоса дипломатиялық саланың өкілдері және танымал әртістер мен тележүргізушілер қатысты. Олардың ішінде, Динара Сәтжан, Ләйлә Сұлтанқызы, Дильназ Ахмадиева және Сон Паскаль бар. Атап өтейік, бұл сән көрсетілімі бір апта бұрын Алматыда өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар