Дизайнерлерге: Жұмысыңды ұсын да 2 млн теңге ұтып ал

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған дизайнерлік шешімдер байқауына өтінімдерді қабылдауды жалғастыруда.

Дизайнерлерге: Жұмысыңды ұсын да 2 млн теңге ұтып ал

Конкурсқа ұсынылатын жобалар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған тақырыптық бағыттармен үйлесуі тиіс, атап айтқанда, қасиетті нысандар, киелі орындар, тарихи ескерткіштер; қазақ мәдениеті мен дәстүріне үйлескен элементтер; туған жерге деген махаббат; білім культі; бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы.

Жеке тұлға немесе ұжым байқауға әр бағыт бойынша бір ғана жұмысын ұсына алады.

Байқау 1 қараша - 15 желтоқсан аралығында өтеді. Қатысушылар үшін жас ерекшеліктері бойынша шектеу жоқ.

Ең үздік туындыларды арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайтын болады. Сондай-ақ ҚазАқпарат сайтында онлайн-дауыс беру өтеді.

Жеңімпаздарды марапаттау желтоқсан айының соңына жоспарланған. Гран-при иегері 2 млн теңге сыйақы алады.


Өзге жеңімпаздардың ақшалай жүлдесі:


1 орын - 1 500 000 теңге;

2 орын - 1 000 000 теңге;

3 орын - 500 000 теңге.

 

Конкурсқа қатысушыларды қосымша ынталандыру үшін жалпы сомасы 1 млн  теңгені құрайтын арнайы сыйлықтар қарастырылған.

1 арнайы сыйлық - 400 000 теңге;

2 арнайы сыйлық - 400 000 теңге;

3 арнайы сыйлық - 200 000 теңге.

Байқау ережесімен https://kaz.inform.kz/news/contest сілтемесі бойынша танысуға болады. Өтінімдер konkursinform@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.