Дизельдік отын нарығын мемлекеттік реттеу шектелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта еліміздің кейбір аймақтарында сұйытылған мұнай газының тапшылығы сезілуде. Сонымен қатар, көршілес Ресей мен Қырғызстан елдері біздің елден екі есе арзан бағаға сатып, әкетіп жатыр. Осыған орай ҚР Энергетика министрлігі дизельдік отын нарығындағы бағаны мемлекеттік реттеуді шектеуді ұсынған болатын.

Дизельдік отын нарығын мемлекеттік реттеу шектелді

Айта кетейік, 19 мамырдағы ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Энергетика министрлігі Ұлттық экономика министрлігі, «Kazеnergy» қауымдастығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазМұнайГаз» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құрған болатын.

Көрші елдердегі сұйылтылған мұнай газының көтерме бағасы (Ресейде тоннасы 59 019 теңге, Тәжікстанда - 104 864 теңге) жоғары болғандықтан, жанар-жағар май солай қарай кететіні анықталды. Өйткені жеткізушілер үшін өнімін осы елдерде сату тиімдірек. Сондай-ақ бұрынғы көтерме баға бір тонна үшін 11 034 теңге болғанда, биыл сұйылтылған газ өндіруші зауыттар шығынға ұшыраған. Оның үстіне әлемдік нарықта газ бағасының өсіп отырғаны тағы бар. Осыған байланысты ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газы бағасын бекітудің тиімді тетігі қабылданды. Соның ішінде Қазақстанның ішкі нарығы үшін өндіруші зауыттардан жеткізілетін газдың көтерме бағасын көтеру туралы шешім қабылданды.
Шекті көтерме бағаны тоннасына 23 106,45 теңгеге дейін ұлғайту көлік шығыстарының өзгермеуі және газ желілік ұйымдардың шығыстары мен маржасын қысқарту есебінен, оның ішінде газды қайта сату тізбегін қысқарту есебінен бөлшек сату бағасының елеулі көтерілуіне әкелмеуі мүмкін.
ҰЭМ ТМР және БҚК үстем компаниялар үшін бөлшек сату бағасын реттеу кезінде газды тікелей зауыттан сатып алу бағасын ескеру қажеттігін айтты. Бұл өз кезегінде біздің пікірімізше, соңғы бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді, делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар министрлік жүргізген талдау бойынша, 2013 жылы тоннасына 32 643 теңге шекті көтерме баға кезінде орташа бөлшек сату бағасы тоннасына 99 059-ды құраған. Ал, шекті көтерме баға тоннасына 11 034 теңге болған 2016 жылы орташа бөлшек сату бағасы 84 404 теңгені құрады. Осылайша, шекті көтерме бағаны 32 643-тен 11 034 теңгеге дейін төмендеткеннің өзінде, бөлшек сатылымда бағаның соған сәйкес төмендеуі байқалмады. Бұл негізінен газжелілік ұйымдар арасында газды қайта сату мен тиісінше бөлшек сауда бағасын олардың арасында жасалған келісім-шарттар бойынша қалыптастыруға байланысты.
Осы тұрғыда орын алған түйткілдерді жою мақсатында газжелілік ұйымдар арасында газды қайта сатуға тыйым салуды көздейтін «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер 1 шілдеде күшіне енді.

Әкімдіктер мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетіне өңірлерде әлеуметтік наразылыққа жол бермеу мақсатында бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстау керектігі ескертілді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес газжелілік ұйымдар арасында газды көтерме өткізу фактілері анықталған жағдайда субъектілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар бөлшек сату бағасын негізсіз көтерген фактілердің орын алғандығы анықталған жағдайда жеткізуші зауыттардан тәртіпті бұзған компания үшін газ тиеуді шектеу туралы мәселе қаралатын болады.
    Кеңесіп, келісулер нәтижесінде ішкі нарыққа жеткізілетін газдың көтерме бағасын өсіру туралы шешім қабылданып, осыған орай Энергетика министрлігі газдың бөлшек саудадағы бағасы 115 теңгеге қымбаттайды.