15:33, 28 Қараша 2011 | GMT +5
Дизельдік отынға деген бағаға шектеу қоюды жөнсіз деп санаймыз - С.Мыңбаев
ТАНА. 28 қараша, ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Дизельдік отынға шектеу бағаларын енгізуді жөнсіз деп санаймыз. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының барысында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

«Біріншіден, ол көп әкелінбейді, екіншіден, Ресей Федерациясынан әкелінетін дизельдік отын сапасы жағынан ерекшеленеді. 30 градустан төмен температурада біздің дизельдік отынды қолдану бойынша шектеулер бар. Ал бағалар арқылы импорт жеткізілімдерін қадағалау, жаз көрсеткендей, қолайсыз», - атап өтті С.Мыңбаев.
Министр сондай-ақ әуе отынының бағасына да шектеу енгізуге болмайтынын атап көрсетті.
«Ертең әуе отынының бағалары туралы жиын өтеді. Бұл жерде де шешім қабылдануы керек және әуе отынының бағаларын шектеуге болмайды деп ойлаймын», - деп қорытындылады С.Мыңбаев.