Дизель отынын өндіру көлемі өсті - Болат Ақшолақов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов елімізде дизель отынын өндіру көлемі артқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылған болаты. Мұнай өнімдерін өндірудің 2022 жылға арналған болжамы 13,72 млн тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 1,04 млн тоннаға жоғары», - деді Б. Ақшолақов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн тоннаны құрады. Бұл 2021 жылдың сәкес кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық.

«Министрлік әкімдіктердің өтінімдері бойынша жеке жанар-жағармай құю станциялары саны көп проблемалық өңірлер бойынша ақпарат жинап, ҚазМұнаГазбен бірлесіп дизель отыны көлемдерін бөлу мәселесін пысықтап жатыр», - деді министр.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жанармай жеткізу жұмыстарына тоқталды.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шілдеде 106,6 мың тонна, тамызда 152,85 мың тонна жөнелтілді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жанармай жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда. Осы орайда оларға 423,5 мың тонна дизель отынын жөнелту жоспарланып отыр», - деді министр.


Фото: primeminister.kz



Соңғы жаңалықтар