Дмитрий Баландин Словенияда төртінші алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словенияда жүзуден әлем чемпионатына және Олимпиада ойындарына іріктеу сайысы саналатын халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин төртінші «алтынына» қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзуден топ жарды. Сондай-ақ, Диана Назарова 50 метрге, Анастасия Резванцева 200 метрге шалқалап жүзуден турнирдің алтын медаліне қол жеткізді.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен, Аделина Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден екінші орын иеленгенін айта кеткен жөн.

Ерлер арасындағы кешенді эстафетада Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Дмитрий Баландин мен Александр Варакин төрттігі чемпион атанса, қыздар командасы дәл осы бағдарламада күмістен алқа тақты.

Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күнінде қазақстандық жүзгіштер 11 медаль жеңіп алды.

Дмитрий Баландин бұған дейін екі алтын медаль иеленгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар