Дмитрий Хворостовский мен Игорь Крутой елордада концерт береді

Хворостовский мен Крутойдың опералық моно-шоуы барысында ариялармен қатар балладалар, әндер орындалады. Лилия Виноградованың сөзіне жазылған И.Крутойдың әндерін орындайтын Д.Хворостовский өзі үшін мүлде жаңа ампулада өнер көрсететін болады.
«Идея авторы - Дмитрий Александрович. Бұл жерде музыкаға поэзия жазылды. Толық бағдарлама шығармашылықтарымыздың тоғысуының нәтижесінде туындады», деп атап өтті И.Крутой жексенбі күні БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында.
Д.Хворостовский де өз кезегінде «Дежа вю» жоба стилі бойынша тіпті мүлдем жаңа әрі ерекше болатындығын атап өтті.
«Мен үшін бұл жұмыс менің шығармашылық өмірімнің толық белгісі болып табылады. Мен Игорьмен әңгімелесу арқылы тәжірибеден де мол бақыт, өзіме дос, біздерді біріктіретін 2-3 жылға ие болдым», дейді әнші.
Бұл екі жұлдыз өздерінің біріккен бағдарламалары үшін 24 композиция жазды. Барлық әндері түрлі жанрда, орыс романсынан бастап, қазіргі заманғы би бағытында жазылған.
Концерт бүгін сағат 15:00-де елорданың «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді.