19:37, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Дмитрий Маликов «PIANOMANIЯ» концерттік бағдарламасымен Астанаға келеді
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанаға «PIANOMANIЯ» концерттік бағдарламасымен Ресей сахнасының жұлдызы, әнші, композитор Дмитрий Маликов келеді.

4 желтоқсан күні, түсауа «Мега-Астана» СОСО-да Д.Маликов бұқаралық ақпарат құралдарына арнап баспасөз мәслихатын өткізеді.
Осы күні, кешкі сағат 18.00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында әнші классикалық музыкалардан құралған «PIANOMANIЯ» атты концертін береді.
Концерт бағдарламасында: дирижер және пианист - Дмитрий Маликов, Гедиминас Тарандтың жетекшілігіндегі орыс империялық балеті, Е.В.Колобов атындағы Жаңа опера Мәскеу театрының симфониялық оркестрі, хор, опера солистері бар. Концертке барлығы 180 әртіс қатысады.