Дмитрий Медведев қаржы минстрі А. Кудринді отставкаға жіберді

Қаржы министрінің жұмысынан кететіні туралы ақпарат 19.45-те кеште пайда болды. «Президент Вице-премьер-Қаржы министрі Алексей Кудриннің отставкасы туралы жарлыққа қол қойды. Министрдің өзі мұндай өтініш берген жоқ. Президент Премьер-министрдің ұсынысы бойынша қолданыстағы рәсімге сәйкес осындай шешім шығарды» - деді бұқаралық ақпарат құралдарына Президенттің баспасөз хатшысы Наталья Тимакова.
Жағдай А.Кудриннің Вашингтонда болашақта Д.Медведев басқаратын үкіметте жұмыс жасамайтынын айтқан мәлімдемесінен кейін шиеленісті. Оның айтуынша, экономикалық саясат бойынша олардың арасында алауыздық туындаған.
Экономиканы жаңарту жөніндегі комиссия отырысы барысында Д.Медведев А.Кудринге сол күні отсатвкаға кетуге ұсыныс жасаған, егер ол мемлекет басшысымен келіспесе, бұған дейінгі айтқан мәлімдемесінен бас тартуын және түсініктеме беруін талап еткен. А.Кудрин шешім қабылдау үшін Премьер-министр В.Путинмен кеңесетінін айтқан.
А.Кудрин Қаржы министрі қызметінде 11 жыл 4 ай жұмыс істеді. Ол экономика мәселелеріндегі білікті маман және елдің қаржы нарығындағы елеулі тұлға болып саналады. Ол консервативтік бюджет саясатын ұстанады және мемлекеттік шығындарды үнемдеуді жақтайды. Сонымен бірге ол В.Путиннің жақын досы және серігі.