Дмитрий Медведев Юнус-Бек Евкуровтың жағдайын білді
МӘСКЕУ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Ингушетияның жарақат алған басшысы емделіп жатқан Вишневский атындағы Мәскеу хирургия институтында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Медведев дәрігерлерден Евкуровтың хал-жағдайын сұрады. Институт директоры, академик Владимир Федоровтың сөзіне қарағанда Ингушетия президентінің бас сүйегі, кеуде қабырғалары және бауыры зақымданған. Евкуров қазір ес-түссіз жатыр. Ол жасанды өкпе желдеткішіне қосылған.