Дмитрий Песков: Ресей мен Қазақстанның өткені ортақ, болашағы жарқын
АСТАНА.KAZINFORM — Екі тәуелсіз мемлекет болғанына қарамастан, Ресей мен Қазақстанның тарихи мұрасы ортақ және бірлескен даму әлеуетіне ие. Бұл туралы Алматыда өткен Қазақстан-Ресей медиафорумында РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

— Ресей мен Қазақстан екі бөлек ел, бірақ өткен жолы ортақ, ал егер біз көп жұмыс жасасақ, екі елдің болашағы жарқын. Менің бұған күмәнім жоқ, — деді Песков.
Оның айтуынша, бірлескен істерді дұрыс ұйымдастыру және барлық салалар бойынша өзара тиімді әрекет ету екіжақты тиімділікке жеткізеді, бұл Ресей үшін де, Қазақстан үшін де тұрақты дамудың негізі болады.
— Бұл бізге ортақ тарихымызды сақтай отырып, өзара тиімділікпен бірге алға жылжуға және екі ел халықтары үшін дивиденд жинауға мүмкіндік береді. Өйткені екі ел де дәл осы үшін жұмыс істейді, — деді Кремль өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйек күні Алматыда ІІ Қазақстан-Ресей медиафорумы өтті.