Дмитрий Попко Братиславада үш сағатқа созылған матчты жеңіспен түйіндеді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Дмитрий Попко Братислава (Словакия) челленджер турнирін жеңіспен бастады. 

попко
Фото: dmitrypopko/Instagram

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 393-орында тұрған түркиялық Янки Эрельмен аса тартысты кездесу өткізді. 

Бірінші партияда тай-брейкте Попко сәтті ойнады – 7:6 (7:2). Екіншісінде Эрель есе қайырды – 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші сетте түркиялық теннисші 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық спортшы матчты брейкпен түйіндеді – 6:4. 

Үш сағатқа созылған бәсеке барысында Попко 7 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ. Эрель 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) шектелді. 

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 328-ракеткасы, хорватиялық Матей Додигпен шеберлік байқасады.

Өткен аптада М.Додиг Загреб (Хорватия) челленджер жарысының ширек финалында Д.Попконы 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп кеткен еді. Бұл жолы қалай болатынын 13 маусым күні болатын ойын көрсетеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Штутгарт турнирін екінші айналымнан бастайтынын жазған болатынбыз. Бублик бүгін Штутгартта екінші айналымда рейтингіде 135-орындағы сербиялық Хамад Меджедовичпен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар