Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирдің финалына өтті

 Дмитрий Попко Флорида штатында қатарынан үшінші рет финалға өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF турнирінің финалына өтті.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 383-сатыда тұрған германиялық Луис Вессельспен кортқа шықты.
Дмитрий Попко қарсыласын 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық спортшы финалда рейтингіде 771-сатыдағы Харрисон Адамспен бас жүлдені сарапқа салады. 

Х.Адамс жартылай финалда әлемнің 392-ракеткасы, бразилиялық Матеуш Алвештен айласын асырды – 6:4, 7:6 (9:7).

Д.Попко қазірдің өзінде ATP Live рейтингісінде бірден 249-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Бразилиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар