Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың финалында сүрінді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Д.Попко соңғы бәсекеде әлемнің 250-інші, жарыстың 1-ракеткасы, аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды — 6:4.
Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды — 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді — 3:6.
Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.
Д.Попко аталмыш додада жұптық сында үздік шыққан еді.
Қазақстандық теннисші алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде 247-орынға көтеріледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың жұптық сында Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Денис Евсеев Германияда Гамбург турнирін жеңіспен бастады.