00:23, 16 Наурыз 2024 | GMT +5
Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алдымен рейтингіде 956-орындағы корт иесі Пауло Андре Дос Сантосты 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Д.Попко екінші айналымда да аса қинала қойған жоқ. Бұл жолы тағы бір бразилиялық, рейтингіде 1410-сатыдағы Жоао Витор Гонсалвеш Сеолинді 6:2, 7:5 есебімен ұтты.
Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 732-орында тұрған бразилиялық Игорь Гименеспен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониямен өтетін матчқа қатысатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің финалынан тыс қалды.