Дмитрий Попко елордадағы челленджер турнирінің ширек финалына шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Попко елордада Президент кубогы аясында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Д.Попко екінші айналымда түркиялық Янки Эрельмен кездесіп, 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Д.Попко жартылай финалға шығу үшін ресейлік Евгений Донской немесе чехиялық Давид Поляктың біреуімен таласады.

Президент кубогы аясында әйелдер арасындағы ITF W60 додасында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Жібек Құламбаева екінші айналымда оңтүстіккореялық На Ли Ханьнан ұтылды - 1:6, 2:6.

Гөзал Айнитдинова ресейлік Анастасия Золотареваға есе жіберді - 1:6, 5:7.

Жібек пен Гөзал жұптық сында бүгін кешке ширек финалдық матчтарын өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада Президент кубогының ширек финалына шыққан теннисшілердің анықталғанын жазған болатынбыз.


Фото: ktf.kz

Соңғы жаңалықтар