Дмитрий Попко Мексикада жарыстың 3-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 175-ракеткасы Дмитрий Попко Морелос (Мексика) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Дмитрий Попко
Фото: Sports.kz

Дмитрий Попко ширек финалда әлемнің 155-інші, жарыстың 3-ракеткасы, аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен бетпе-бет келді.

Қазақстандық теннисшіге аргентиналық спортшы еш қарсылық қыла алмады. Д.Попко 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Небәрі 47 минутқа созылған бәсекеде Попко 5 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Фикович эйс те, брейк те жасай алмады.

Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемнің 162-інші, жарыстың 2-ракеткасы, канадалық Алексис Галарномен таласады.

А.Галарно алғашқы айналымда аса тартысты ойында тағы бір қазақстандық Бейбіт Жұқаевты 7:6 (9:7), 6:7 (10:12), 6:3 есебімен жолдан тайдырған болатын.

Өткен аптада Мексикадағы Морелия челленджер турнирінде чемпион атанған Д.Попко осымен жеңіс сериясын 8 матчқа жеткізді. Ол қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 170-орынға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Мексикадағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінің ширек финалына өтті.

 

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум