00:40, 03 Шілде 2024 | GMT +5
Дмитрий Попко Румыниядағы жарыстың 1/8 финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 222-ракеткасы Дмитрий Попко Брашов (Румыния) челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті.

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 458-орында тұрған чехиялық Гинек Бартонмен сәтті өткізді.
Д.Попко чехиялық спортшыны 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде ол 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Г.Бартон 4 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) көзге түсті.
Дмитрий Попконың екінші айналымдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.