Дмитрий Попко Түркиядағы турнирдің чемпионы болды

Дмитрий Попко
Фото: Olympic

Қазақстандық, әлемнің 504-ракеткасы Анталия (Түркия) ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 728-орында тұрған өзбекстандық Сергей Фоминмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Дмитрий Попко тартысты матчта 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Анталия жарысы қазақстандық теннисші үшін сәтті аяқталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Түркиядағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Франциядағы жарыстың финалында ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар