Дмитрий Рейхерд фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Қытайдың Тайву қаласында өтіп жатқан фристайл-могулдан Әлем кубогы екінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ерлер арасында өткен жеке могул жарысында (олимпиадалық дисциплина) қазақстандық Дмитрий Рейхерд өзінің маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ол Кезеңнің қола жүлдесі мен 86.92 ұпайына ие болды. Күмісті 2017 жылғы әлем чемпионы Икума  Хоришима (Жапония, 87.68 ұпай), алтынды канадалық олимпиада чемпионы Макла Кинсберри (90.31 ұпай) иеленді. Тағы бір қазақстандық Павел Колмаков Кезеңде 16-шы орын алды. Ал, отандасымыз Александр Геберт іріктеуде жолдан шығып қалды.

Әйелдер арасындағы жарыстан 2018-Олимпиада қола жүлдегері қазақстандық Юлия Галышева ақтық сынға өтті, бірақ, өкінішке орай, оған қола медальге 0.03 ұпай жетпей қалды. 3-орын алған франциялық Пьеррин Ляфонттың ұпайы 81.23 болса, Галышеванікі - 81.20. Қазақстандық бұл жолы төртінші орынмен шектелді. Кезеңнің алтын медалін америкалық Джаэлие Кауф (83.08) қанжығалады. Тағы бір отандасымыз Аяулым Әмренова 28-ші орында тұр. 

Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар