Днепропетровскіде Брежневке ескерткіш орнату ұсынылды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Украина компартиясының өкілдері Днепропетровскіде кеңестік басшылар Леонид Брежнев пен Владимир Щербицкийге ескерткіш орнатуды ұсынды, деп хабарлады «Интерфакс.
None
None

Коммунистер Днепропетров облысының 80 жылдығын осындай тартумен қарсы алмақ.

«Бұл адамдар ешкімге жамандық жасаған жоқ. Олар біздің қаламызда өмірі сүрді және жұмыс жасады, көрнекті саяси қайраткерлер болып шықты», деп мәлім етті Украина КП облыстық бөлімшесінің жетекшісі Сергей Храпов. Ол қала тұрғындарының көпшілігі бұл бастаманы қолдайды деген пікірде.

Таяу арада коммунистер ескерткіштерге қаржы жинауды бастамақ. Храповтың айтуынша, жобамен жұмыс қазірдің өзінде басталып кеткен. Егер коммунистер өкімет орындарымен мәмілеге келе алса, облыстық бюджеттен де қаржы бөлдіруге үмітті.

Бұған дейін Днепропетровскінің қалалық кеңесі көшелердің біріне Леонид Брежневтің есімін берген болатын.

Леонид Брежнев пен Владиимр Щербицкий осы өңірдің тумасы. Екеу де кезінде осы облыстың партия ұйымын басқарған. Кейіннен Л.И.Брежнев СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болды, ал В.Щербицкий Украина КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болды.

Соңғы жаңалықтар