Діни некенің заңды күші жоқ — министрлік

АСТАНА. KAZINFORM — Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ведомствоның баспасөз мәслихатында діни рәсім бойынша тіркелген некенің заңдық күшіне байланысты пікір білдірді.

неке
Коллаж: Kazinform

«Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі.

«Неке және отбасы туралы» кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылады. Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің Қазақстан Республикасы аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. Ер мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелу керек», — деді ол.

Бұған дейін Талғат Уәли Талғар оқиғасы бойынша қандай сараптама жүріп жатқанын айтқан. 

«Аталған шулы оқиғаға байланысты істің мән-жайын айта алмаймыз. Себебі ол Ішкі істер министрлігінің міндетіне жатады. Ал сот-медициналық сараптамаларға келсек, 5 түрлі сараптама тағайындалды. Олар: мәйіттің экспертизасы, сол жердегі шыққан өрттің себептерін анықтау экспертизасы, фото-техникалық экспертиза, молекурлярлы-генетикалық экспертиза, биологиялық экспертиза», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар