ДНҚ молекулалары компьютерлік процессорлардың жұмысын жеделдетеді

АСТАНА. Тамыздың  18-і. ҚазАқпарат -  IBM   корпорациясының  зерттеушілері  қазіргіден де  қуатты  және    жедел  компьютерлер жасауға  негіз бола алатын   кішкентай  тізбектер  ретінде Дезоксирибонуклеин  қышқылы (ДНҚ)  молекулаларын    пайдалана  отырып,   

ДНҚ  молекулалары  компьютерлік процессорлардың  жұмысын   жеделдетеді

 тәжірибе  жұмыстарын  жүргізуде,  деп   хабарлайды CyberSecurity.ru   басылымы.

Дезоксирибонуклеин  қышқылының  жеке  тізбектерін  қосу  үшін ғалымдар     өткізгіш  сым  және   транзистор ретінде  қызмет ететін     көміртекті  нанотүтікшілерді    пайдалануда. IBM Research  бөлімінің  зерттеушілерінің пікірінше,     мұндай  жүйенің келешегі    зор және   ол супер-көпядролы  чиптер  үшін      негіз бола алады.