Дохада Рыбакинаны жеңген Швентектің жеңіс сериясы үзілді
АСТАНА. KAZINFORM – Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің финалына шыққан теннисшілер анықталды.
Әлемнің 2-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 37-орында тұрған латвиялық Елена Остапенкоға 3:6, 1:6 есебімен жол берді.
Осылайша, И.Швентектің аталмыш жарыста 2020 жылдан бері жалғасып келе жатқан, 15 матчтан тұратын жеңіс сериясы үзілді.
Дохада бұған дейін поляк теннисшісі үш жыл қатарынан чемпион атанған еді. Ол өткен жылы финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңген болатын. Биылғы додада да Е.Рыбакина ширек финалда И.Швентектен аса алмады.
Е.Остапенко финалда рейтингіде 41-орындағы америкалық Аманда Анисимовамен чемпиондық атақты сарапқа салады. А.Анисимова жартылай финалда әлемнің 26-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованың мысын басты – 6:3, 6:3.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Бахрейн турнирінде бір күнде екі матч өткізіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз.