Доктринада ұлттық рухты жаңғырту мен дамыту мәселесінің қамтылуы маңызды - А. Сарым

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Доктринада ұлттық рухты жаңғырту мен дамыту мәселесінің қамтылуы маңызды. Бұл туралы елордада Қазақстанның Ел бірлігі доктринасының қорытынды нұсқасының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында комиссия мүшесі, А. Сәрсенбаев атындағы қоғамдық қордың басшысы Айдос Сарым мәлім етті,

Доктринада ұлттық рухты жаңғырту мен дамыту  мәселесінің қамтылуы маңызды - А. Сарым

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комиссия мүшесінің пікірінше, Доктринада қамтылған зияткерлік ұлт құру, ұлттық рухты жаңғырту мен дамыту мәселесі маңызды болып табылады. Оның айтуынша, бұған дейінгі кезеңде елімізде экономика мәселесі бірінші орында тұрған болса, ендігі күні ұлттық құндылықтар мен рухани дамуды қолдау нағыз қажеттілікке айналып отыр. «Шын мәнінде ұлттың биік мақсат, мұраты болмаса оның алға қарай дамуы да екіталай. Сондықтан да, болашақта кез-келген мәселе бойынша билік өзінің оппоненттерімен бірлесе жұмыстар атқаратын болса, сол арқылы қабылданатын кез-келген құжат жалпы ұлттың мұратынан туындайтын деңгейде болатынына көзім жетті», деді А. Сарым.

Оның айтуынша, Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы секілді қоғам мен билік арасында бірлесе қабылданған құжаттың тәжірибелік мәні де зор. «Бұндай дәстүрлер одан сайын дамып, қоғамдық ұйымдарға айналса деген ниетіміз де бар», деді ол.