Dolce-Pharm компаниясы ұжымының 87%-ы екпе алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Dolce-Pharm брендімен Dolce фармацевтикалық өндірістік кешені қызметкерлерінің 87%-ы коронаивирусқа қарсы вакцинацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Dolce-Pharm компаниясы ұжымының 87%-ы екпе алды

Фармацевтикалық компанияның қызметкерлері алғашқы вакцинаны сәуір айында ала бастады. Бүгінгі таңда қызметкерлердің 87% -ы егілді. Компания басшылығы вакцинация барлық қызметкерлер үшін өте маңызды екенін атап өтті.

«Вакцинация - бұл аурудың алдын алудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі, әсіресе қазіргі пандемия кезінде. Егер біз вакцинацияланған болсақ, біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғаймыз, бұл біздің компанияның мақсаты», - деді Бас директор Сәуле Макишева

Автоматика учаскесінің бастығы Елена Фомичева компания қызметкерлері арасында алғашқылардың бірі болып екпе алды.

«Менің компанияда жұмыс істеп келе жатқаныма 5 жыл болды. Вакцина алам деп еш күмәнсіз бірден шешім қабылдадым, себебі, менің өмірім мен денсаулығымды сақтау үшін ол қаншалықты маңызды екенін түсінемін», - деді ол.

Бүгінгі таңда компанияда 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Өнімнің 200-ден астам түрі шығарылып, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Молдова елдеріне жеткізіледі.

Авторы: Думан Арғынгелді