Доллар 0,09 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттықта доллар 0,09 теңгеге арзандап, 1 доллар 464, 40 теңге болды.
Ұлттық банктің 7 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 464, 45 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 465 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 468,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 466,5 теңге болса, сатып алу – 468,5 теңге.
Ресей рублі 7,15- 7,27 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 7 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,49 теңге болды.