Доллар 447 теңгеге дейін төмендеді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін шетелдік валютаның саудасы жабылды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы — 447,80 теңге, яғни 3,17 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 14 қыркүйектегі ресми айырбас бағамы 450,91 теңге болып белгіленді.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Астана тұрғындары айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 446,01 теңгеден сатып, 453,01 теңгеден сатып ала алады. Еуроны 516,01 теңгеден сатып, 526,01 теңгеден сатып алды. Рубль 5,05 теңгеден сатып, 5,26 теңгеден сатып алды.
Алматыда долларды орта есеппен 446,76 теңгеден сатып, 448,90 теңгеден сатып алуға болады. Тұрғындар еуроны 515,97 теңгеден сатып, 521,50 теңгеден сатып ала алады. Рубльді 5,08 теңгеге сатады және 5,20 теңгеге сатып алды.
Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды 447,60 теңгеге сатып, 449,69 теңгеге сатып алуға болады. Еуроны 517,85 теңгеге сатып, ал 523,23 теңгеге сатып алуға болады. Ресей рублін 5,12 теңгеге сатып және 5,19 теңгеге сатып алуға болады.
Еске салсақ, өткен аптада доллар 450 теңгеге түскен еді.