Доллар 449 теңгеден сатылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,11 тиынға артты. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 74 теңге. Ұлттық банктің 12 сәуірдегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 449, 53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 450, 79 теңге, сатып алу – 453, 96 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 449, 91 теңгеден болса, сатып алу құны – 453, 46 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамының қайта нығайып келе жатқанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар