Доллар арзандады - KASE

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы демалыс күндерімен салыстырғанда 1, 15 теңгеге құлдырап, 1 доллар 426, 90 теңге болды.

Ұлттық банктің 7 маусымдағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 428, 15 теңге, сатып алу – 426, 64 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 427, 75 теңгеден болса, ал сатып алу құны– 426, 67 теңге.


Соңғы жаңалықтар
telegram