Доллар бағамы бірнеше күн қатарынан өсіп келеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

Курсы валют
Фото: Kazinform/ЖИ

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,93 теңгеге өсіп, 454,14 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 450,62 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 450,97 теңгеден сатып алынады, 457,97 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 502,97 теңге, сату — 512,97 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,25 теңге, сату — 5,45 теңге.
— юань: сатып алу — 66,35 теңге, сату — 70,44 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 452,90 теңгеден сатып алынады, 455,01 теңгеден сатылады. Еуро 505,20 — 509,86 теңге, ал 5,21 — 5,33 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,34 теңгеден сатып алынады, 70,04 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 14 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,14 теңгеге өсіп, 450,62 теңге болды.