Доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына әсер етуі мүмкін – Ұлттық банк

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарлары құнына қатысты пікір айтты.

доллар
Фото: Unsplash

«Біз реалистпіз. Доллар бағамының өзгеруі басқа елдерден әкелінетін тауарлардың құнына әсер етуі мүмкін екенін білеміз. Бірақ, азық-түлікті өзімізде қамтамасыз етілген тауарлардың қатарына жатқызар едім. Сондықтан бағаның өзгеруін күтпеймін», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкіде өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.

Айта кетейік, бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 — 517 теңгеден саудаланып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар